Текст
«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту», «Дене тәрбиесі және спорт», «Бастауыш білім беру», «Музыкалық білім беру», «Негізгі орта білім беру» мамандықтарының 4 курс студенттері дипломалды практикадан өтуде. Оқу орнымызда осы студенттерге арналған ZOOM платформасы арқылы «Қашықтықтан білім беру процесін ұйымдастыруға арналған АКТ құралдары» атты семинар өтті. Аталған іс-шараға әдіскерлер, IV курс студенттері қатысты. Қашықтықтан білім беру процесін ұйымдастыру үшін бірнеше бағдарламалар таныстырылып, қатысушылар үшін мазмұнды, әрі танымдық бағытта өтті. Семинарды информатика пәнінің оқытушысы Д.Утебаева ұйымдастырды.