АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

«Тұтас педагогикалық үдерісті ұйымдастырудағы өзін-өзі танудың метапәндік рөлі» облыстық online семинар

07.03.2019

      2019 жыл 5 наурызда Көкшетау қаласы «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы «Ақмола облысы бойынша ПҚ БАИ» ұйымдастыруымен «Тұтас педагогикалық үдерісті ұйымдастырудағы өзін-өзі танудың метапәндік рөлі» облыстық online семинар өтті. Аталған семинарға Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің педагогика пәнінің оқытушысы Секенова Балкүміс Байжанқызы және студенттер қатысты. Семинардың мақсаты – ұлттық білім беру жүйесінде рухани-адамгершілік негіздердің мәні мен рөлін нығайту. Семинардың басты бағыттары:

  • Заманауи қазақстандық білім беру жүйесін дамытудың басты векторы ретінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру;
  • «Өзін-өзі тану» пәнінің құрылымдық-мазмұнды және әдістемелік аспектілері.
  • Біріңғай білім кеңістігіндегі «Өзін-өзі тану» пәні мен басқа пәндердің интеграциясы;
  • Жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тұлғаның өзін-өзі жетілдіруі;
  • «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын жүзеге асыруда ата-аналармен байланыс орнату.

Алғы сөзді «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы «Ақмола облысы бойынша ПҚ БАИ» директоры Стукаленко Нина Михайловна сөйледі. Семинар барысында екі тараптан да баяндамалар тыңдалып, ұсынымдар қабылданды. Абдраимова Асем Бауыржановна «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Өзін-өзі тану» білім беру бағдарламасын біліктілікті арттыру жүйесінде жүзеге асыру тәжірибесі», Черненко Юлия Викторовна «Интеграция предмета «Самопознание» и других дисцеплин в единое образовательное пространство», Секенова Балкүміс Байжанқызы «Студенттерді рухани-адамгершілікке тәрбиелеуде өзін-өзі танудағы метатану ерекшеліктері», Яровая Наталья Леонидовна «Применение активных методов обучения в формировании традиционных ценностей духовно-нравственного воспитания в системе образования», Сагиндыкова Корлан Хамидолловна «Рухани-адамгершілік білімді мектептің оқу-тәрбие үдерісімен интеграциялау бойынша пилоттық жобаны жүзеге асыру мүмкіндіктері», Алеева Найля Зарифовна «Интеграция предмета «Самопознание» и других дисциплин в единое образовательное пространство», Мырзаханова Жулдыз Мамановна «Мектептің педагогикалық үдерісін ұйымдастырудағы өзін-өзі танудың метапәндік рөлі», Хасенова Асель Усербаевна «Интеграция предмета «Самопознание» на уроках ЕМЦ и гуманитарного цикла», Габдуллина Салтанат Тайлаковна «Интеграция предмета «Самопознание» с другими образовательными областями дошкольного воспитания и обучения».



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 07.03.2019 12:10
Құрылған күні: 29.04.2019 10:55

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст