АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
2019 жылдың 29 тамызында Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде №1 педагогикалық кеңесі өтті.
Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
1. Жаңа қабылданған оқытушылармен таныстыру;
2. Магистрлерді құттықтау;
3. Қабылдау комиссиясының хатшысы А.Е.Кажакпарованың есебі.
4. Орынбасарлардың тұжырымдамалық баяндамалары;
5.Ағылшын кафедрасының меңгерушісі Г.С. Мыңбаеваның баяндамасы.
6. Қаулыны оқу;
7. Марапаттаулар.
Күн тәртібінде белгіленген бірінші мәселе бойынша колледж директоры Ахат Нұртас Ахатұлы жаңадан келген оқытушылар құрамымен таныстырып өтті. 2019 жылы бітіріп магистр дәрежесін алған оқытушылар марапатталды. Атап айтсақ, білім магистрлері: Амирханова А.Қ., Қабдуали С.М, Мұсайпова Ш.Қ., Мустафина С.Г., Ш.С.Оспанова, С.К.Таткенова, педагогика ғылымдарының магистрі: С.Т.Абдрахманова, Б.Ж.Бегалин, педагогика және психология ғылымдарының магистрі Ә.Ғ.Шайрахметова, қызмет көрсету саласының магистрі С.Р.Құдайбергенов, құқық магистрі Ж.С.Курмангалиева.
Күн тәртібінде көрсетілген үшінші мәселе бойынша қабылдау комиссиясының хатшысы А.Е.Кажакпарова есеп берді. 2019-2020 оқу жылына Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжіне 7 біліктілік бойынша 9-11 сынып негізінде 233 талапкер құжат тапсырған. Соның ішінде мемлекеттік тапсырыс бойынша бюджеттік топтарға 9 сынып негізінде 175 талапкер, 11 сынып негізінде 60 талапкер студент қатарына қабылданды.
Күн тәртібінде көрсетілген төртінші мәселе бойынша орынбасарлардың тұжырымдамалық баяндамалары оқылды. Алғашқы болып колледж директорының тәрбие ісі бойынша орынбасары Д.Н.Ильясова сөз сөйледі. Директордың практика бойынша орынбасары Қ.С.Мұқышева, ғылыми-әдістемелік блок бойынша А.Қ.Рахым, директордың оқу жұмысы бойынша орынбасары А.Қ.Рахимжанова әртүрлі мәселелерге тоқталып өтті.
Күн тәртібінде көрсетілген бесінші мәселе бойынша ағылшын кафедрасының меңгерушісі Г.С.Мыңбаева баяндамасында кешенді оқу бағдарламасына ұсынылған алты іс-шара әкімшілік тарапынан қолдау тапты.
Педкеңесте көтерілген мәселелерге орай қаулы қабылданып, келесі жылы өтетін «Үздік кәсіпорын» конкурсында жеңіп шығу мақсаты қойылды.
Педкеңес соңында Білім басқармасының Алғыс хатымен Курмангалиева Ж.С., Сұлтан Н.Н., Запоржских Н.А., Искакова Л.Г., Сызкен А.Б., Білім басқармасының Құрмет грамотасымен Ходжакулыев А.Х., Габбасова А.Б., Батырбаев О.Ш., Лекерова Т.Н., колледждің Алғыс хатымен Галиакбарова М.Б., Мухатаева Д.Б., Жетписбаева К.Б., колледждің Құрмет грамотасымен Айтмағамбетова Б.Қ., Дахан М. марапатталды. Cөз соңында колледж директоры Нұртас Ахатұлы оқытушылар ұжымын келе жатқан конституция күнімен құттықтап, жаңа оқу жылында жаңа жетістіктер мен сәттілік тіледі.