АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті базасында 2019 жылдың 27 ақпанында жоғары оқу орнымен жоғары колледж сабақтастығын нығайту мақсатында бекітілген ынтымақтастық меморандумы негізінде, университеттің сыртқы стейкхолдерлері ретінде «Жаңа форматтағы білім беру бағдарламасы – заман талабы» атты бірлескен жұмыс отырысы өткізілді. Жұмыс отырысына колледж тарапынан директордың оқу-әдістемелік бірлестік жұмысы бойынша орынбасары Рақымжанова Әсел Қайроллақызы, филология бөлімінің меңгерушісі Иманбаев Қуаныш Қожабайұлы, тіл және әдебиет кафедрасының меңгерушісі Қажақпарова Әйгерім Ермекқызы қатысты. Отырыс барысында 5В020500 – Филология: қазақ филологиясы, 5В011700 – қазақ тілі мен әдебиеті, 5В012100 – қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті, 7М020500 – филология (ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистратура) және 8D020500 – филология: қазақ филологиясы бағытындағы докторантура мамандықтары бойынша білім беру бағдарламаларының жобасы талқыланды. Жаңартылған білім бағдарламаларына бүгінгі заман талабына сай «Инклюзивті білім беру», «Менеджмент және сандық білім беру», «Іс қағаздары және латын графикасы», «Жаңартылған орта білім мазмұны технологиялары», «Функционалды грамматика», «Тіл мәдениеті және БАҚ жанрларының тілдік ерекшеліктері», «Ономастиканың теориясы мен тарихы және диалектология» пәндері енгізілген.
Университетпен бірлікте құрылған жұмыс тобының мүшелерімен келісе отырып 0110700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 5АВ0110702 «Қазақ тілі мен әдебиетінің қолданбалы бакалавры» біліктілігі бойынша әзірленген типтік және оқу-жұмыс жоспары талқыланып, алдағы уақытта қолданбалы бакалавриат бағдарламасы бойынша атқарылатын жұмыстарды жүзеге асыру мақсатында жұмыс отырыстары жоспарланды.