14.05.2022
2022 жылдың 11 мамыр күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі «Филология» бөлімінің оқытушылары Абиева Камила Қойшыбайқызы мен Қайыржан Тлек Сағындыққызы кәсіптік бағдар беру жоспарына сәйкес облыс орталығындағы №10 орта мектебіне барып қайтты. Қуантарлық жайт! Оқушылар нағыз педагог болып, өздерінің ұстаздық қабілеттерін шыңдамақ ниетте. Айта кету керек, колледж кәсіби білікті мамандарды даярлайды. Білім алушылардың қызығушылығы осы тарапқа ауып отыр. Мамандықтар туралы толық ақпарат беріліп, оқушылардың көкейіндегі сұрақтарға жауап қайтарылды.