АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

КОЛЛЕДЖ ТҮЛЕКТЕРІМЕН КЕЗДЕСУ

04.03.2022

Ағымдағы жылдың 3 наурыз күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің түлектері оқу орнына келіп, көзайым болды. Бүгінде олар біршама жетістіктерді бағындырып үлгерді. Өңірдегі бір-бір мекемені басқарып отыр. Сұрағанов Дамир Шоқанұлы Бурабай ауданындағы Щучинск қаласының №7 мектеп-лицейіне, Рақымжанов Мейрамбек Құдайбергенұлы аталмыш аудандағы Зеленый бор мектеп-гимназиясына басшылық етеді. Ал Жаркеев Азамат Нұрланұлы Щучье қаласының №7 мектеп-лицейі директорының тәрбие жөніндегі орынбасары болса, Дағыстан Алтынбек жоғарыдағы Зеленый бор мектеп-гимназиясында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып қызмет етеді. Сондай-ақ Биримжанов Айбек Бекмадиевич Щучье қаласының №7 мектеп-лицейінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып, оқушыларды спортқа баулиды. Түлектер колледжді 2010-2012 ж.ж. аяқтаған болатын. Оқу орнындағы айтарлықтай даму өзгерістерін көріп, бойларын қуаныш кернеді. Филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының академигі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ұстазы, Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің директоры Ахат Нұртас Ахатұлы колледж түлектеріне толағай табыс тілеп, кәсіби өрлеу тіледі.



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 04.03.2022 16:13
Құрылған күні: 04.03.2022 16:13

"Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі" МКҚК

j.musin_qazaq_pedkolleji j.musin_qazaq_pedkolleji

Ұйымдар тізімі
Текст