2020-2021 оқу жылына арналған «Современное образование» республикалық журналының ұйымдастыруымен «2021 жылы ЖОО-ға қалай түсуге болады?» тақырыбында ZOOM платформасы аясында республикалық кәсіптік бағдар беру онлайн-форумы өтті. Форум мақсаты - түлектердің болашақ мамандығы мен оқу орнын саналы түрде таңдауына ықпал ету, студенттерге өздерін қызықтырған мәселелер бойынша уақытында түсініктемелер алуға мүмкіндік беру.
Осы іс-шараға «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту», «Бастауыш білім беру», «Музыкалық білім беру», «Дене тәрбиесі және спорт», «Негізгі білім беру» мамандықтарының ІV курс студенттері алдын-ала тіркеліп, қатысты. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық тестілеу орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысы Смағұл Дидар Нұркенұлы барлық қатысушылардың сұрақтарына тікелей эфир арқылы жауап берді. Келесі онлайн-кездесу 2021 жылдың 28 мамырына жоспарлануда.