АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі «Филология» бөлімінің IV курс студенттері «Диплом алдындағы тәжірибе» өндірістік практикасынан өтіп жатыр. Осы тұста білім алушылар тәжірибеден өтіп жатқан білім ошақтарында кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізуде. Алдарына келген ұстаздардың кәсіби біліктілігіне тәнті болған оқушылар колледжге келуге құштар болып отыр. ФБ-41 тобының студенттері Байман Ақтоты Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданындағы Дауқара орта мектебінде, Дайыркен Күлзира Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданындағы Алқатерек орта мектебінде, Амандық Ақмарал Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданындағы №2 Ленинград орта мектебінде, Жанспаева Сәуле Ақмола облысы Зеренді ауданындағы Бәйтерек ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде оқушыларға колледжегі мамандықтар мен біліктіліктер туралы ақпарат беруде. Білім алушыларды қызықтырған сұрақтарға практиканттар толық жауап берді.