АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
16 қазан күні «Бастауыш білім беру» мамандығының IV курс топтарындағы байқау практикасы барысында «Worldskills тапсырмасы бойынша 5 минутта орындау» атты іс-шара өткізілді. Практика әдіскері Гүлмира Қайыржанқызы Әміржанова мен БМ-41 тобының студент-практиканттары Советова Адемай, Туханбет Сернұрдың ұйымдастыруымен «Бастауыш білім беру» мамандығының студенттері арасында өткізілген іс-шара ZOOM конференциясы арқылы жүргізілді. Сарапшылары ретінде колледжіміздегі директордың практика жұмысы жөніндегі орынбасары Мукушева Қаракөз Серікқызы, бастауыш мектеп бөлімінің меңгерушісі Лекер Толғанай Нұрбекқызы, көркем еңбек пәнінің оқытушысы Бегалин Болат Жанайдарұлы, практика әдіскері Жұматаева Шынар Елемесқызы қатысты. Қатысушылар Хабдалғалам Батиқа, Серікбол Нұрсая, Шарапатова Қазына және еріктілер ретінде Хурманғазы Кекілік, Сайран Жанбота, Сәрсенбай Сәндігүл, Рахимжанова Әлия, Орынбасарова Зарина, Төлеген Аққу, Самкен Ырымгүл, Хабдылазым Гүлдари қатысты. Жеребе бойынша бірінші болып түскен қатысушы Серікбол Нұрсая «Аралас материалдардан жасалған құмырадағы гүлдер» атты практикалық тапсырмасын тағайындалған еріктілермен бірге жасап көрсетсе, екінші болып қатысқан Хабдалғалам Батиқа «Қалам басын көбелекпен безендіру» тапсырмасын оригами тәсілі негізінде жасалған дизайнмен жасауды ұсынды, үшінші қатысушы Шарапатова Қазына «Қалдық материалдардан қозғалмалы ойыншықты» жасаудың үлгісін бес минутта орындады. Әдіскер тарапынан жоғары деңгейде ұйымдастырылған іс-шараға бар ынтасымен қатысқан студенттерімізге алғысымызды білдіреміз.