АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
Педагогикалық практиканың негізгі міндеті – жас педагог студенттерді болашаққа даярлап, оқушы мен мұғалім арасындағы байланысты сезіндіре білу және жас мамандарды даярлау болып табылады.
Мектепке іс-тәжірибе жинақтауға шықпас бұрын студенттерге колледжде оқу практикасы өткізіліп, әртүрлі жұмыстар жүргізіледі. Жаңартылған білім беру бағдарламасымен танысып, мазмұны меңгертіледі. Педагогикалық практиканың дұрыс ұйымдастырылуы, оған жете мән беру, тәжірибелі ұстаздардан дәріс алу студенттер үшін өте бағалы еңбек болады. Оқу практикасын ойдағыдай аяқтап, ФБ-31 тобы Көкшетау қаласындағы IT мектеп-лицейіне 2019 жыл, сәуірдің 15-нен мамырдың 11-не дейінгі аралықта педагогикалық тәжірибе жинақтады.
Байқау практикасының алғашқы күнінде студенттермен жиналыс өткізіліп, практиканың мақсат-міндеттері түсіндірілді. Студенттер мектеп директоры Балташева Айнагуль Кыдырбайқызы және оның орынбасары Жортанова Ақмарал Қайроллақызымен әңгімелесу барысында мектеп туралы негізгі мәліметтермен танысты. Мектеп ішіндегі экскурсия барысында кабинеттердің орналасуын игеріп, өздеріне бекітілген сыныптардың сабақ кестесімен танысты. Студенттерге 5-7 сыныптар бекітілді. Әр студент өздері сыныбымен танысып, күнтізбелік тақырыптық жоспарларын алып, өз жұмыстарын жүргізе бастады.
IT мектеп-лицейінде филология бөлімінің 13 студенті қазақ тілі және әдебиеті пәндерінен сабақ жүргізді. Өткізген сабақтарға пән мұғалімі, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, мектеп мұғалімдері, студент-практиканттар қатысты. Практика кезінде тікелей оқушылармен жұмыс жасайтындықтан, әдістемелік шыңдалу қажет екендігін студенттер сезінді. Кемінде әр сабақта машықтанушылар 3-4 интерактивті әдіс-тәсілдерді қолдана білді. Жаңартылған бағдарлама болғандықтан, әрі колледжде өткізілген оқу практикасының сапалы өтуінің нәтижесінде студенттерге жаңа сабақты түсіндіру жеңілге соқты. Практика әдіскері Ілияс Данагүл Нұртайқызы сабақтың қысқа мерзімді жоспарын құруда, сабақта қолданатын әдіс-тәсілдер бойынша әдістемелік көмек көрсетті. Байсерік Аружан 6-сынып қазақ әдебиеті пәнінен «Р.Гамзатов Менің Дағыстаным», Едіге Ермахан 6-сынып «Отырар кітапханасы», Қизат Жадыраның 5-сынып «Франция ұлттық кітапханасы» тақырыптарында өткізген сабақтары жоғары бағаланды.
Байқау практикасын аяқтап, студенттер өздеріне жақсы тәжірибе жинақтағанымен риза! IT мектеп-лицейінің әкімшілік құрамына және қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне алғысымыз шексіз.