22.11.2021
Ағымдағы жылдың 19 қараша күні Көкшетау қаласы №1 арнайы түзету мектеп-интернатында «Өзін-өзі тану» бағдарламасын оқу-тәрбие үдерісіне біріктіру бойынша пилоттық жобаны енгізу туралы» пилоттық орталығының 2021-2022 оқу жылына арналған жұмыс жоспарына сәйкес Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының ІІІ курс студенттерінің қатысуымен «Мейірімділік» акциясы өтті. Білім беру ұйымдарына аталмыш іс-шараны өзін-өзі тану пәнінің оқытушылары Мұқышева Нұргүл Серікқызы және Серікбай Индира Сағдатқызы ұйымдастырды. Акция барысында қатысушылар «Көңілді шеңберін» құрып, шараның сәтті өтуіне тілек білдірді. Студенттер түрлі қызықты ойын ұйымдастырып, әр баланың белсенді қатысуына ықпал ете білді. Іс-шара соңында білім алушылар «Көңілді би» арқылы балғындарды қуанышқа бөледі.