АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
2024 жылдың 27 мамыр күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде 2023-2024 оқу жылындағы қорытынды аттестаттау бойынша тапсырылатын кешенді емтихандар басталды. «Филология» бөлімінің ІV курс студенттері А модулі – «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі» біліктілігі бойынша студенттер орта буынның 5, 6, 7-сыныптарының қазақ тілі, қазақ әдебиеті пәндері бойынша кіріктірілген оқу сабағының (жаңа тақырыпты пысықтау кезеңі) фрагментін дайындау және өткізу сынағы» және B модулі – «Лингвистикалық талдау (фонетикалық, лексикалық, морфологиялық, синтаксистік) және әдеби шығарманы сатылай кешенді талдау» бойынша демонстрациялық емтихан тапсыруда. Тапсырма болашақ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің арнайы құзыреттіліктерін бағалауға мүмкіндік береді. Оқу мазмұнын түсінуді және оны сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен байланыстыруды, мақсаттар мен міндеттерді қалыптастыруды, сабақтың нәтижелерін қойылған мақсаттармен байланыстыра білуді, білім алушыларды оқу қызметіне ынталандыруды, оларды сабақты ұйымдастыруға қатыстыруды, оқытудың заманауи технологияларының элементтерін қолдана білу дағдыларын көрсетеді. Сондай-ақ студенттердің қазақ тілі мен әдебиеті бойынша білімін, жалпы мәдениетін арттыруды, сөйлеу мәдениетінің, кәсіби этиканың нормаларын меңгеруді, белгіленген уақытта және берілген шарттарға сәйкес үздік нәтижелерге қол жеткізу үшін тиімді және үнемді жұмыс істеу қабілетін дамытуды көздейді. Айта кетейік, емтиханды сәтті тапсырған студенттерге Skills Passport табыс етіледі.