07.04.2026
2026 жылдың 6 сәуірінде Ғылым күніне орай «Филология» бөлімінің ұйымдастыруымен колледжішілік эссе байқауы өтті. Байқау тақырыбы – «Ғылым – болашақтың кілті». Бұл шара студенттердің интеллектуалдық ойлауын шыңдап, шығармашылық қабілетін дамытатын, ғылымға деген қызығушылығын арттыратын маңызды алаң болып табылады.
🎯 Мақсаты:
Студенттердің ғылымға деген қызығушылығын арттыру, зерттеушілік қабілеттерін дамыту, шығармашылық ойлауын қалыптастыру және өз ойын көркем, логикалық және сауатты жеткізе білуге баулу. Бұл байқау жас ұрпақты ғылыми тұрғыдан ойлауға, дәлелді пікір айтуға және өз көзқарасын негізді түрде қалыптастыруға баулиды.
📌 Байқау шарттары:
* Қатысушылар 120 минут ішінде 250–300 сөз көлемінде эссе жазды;
* Эссе тақырыпты толық аша отырып, ойдың логикасын, жүйелілігін көрсетті;
* Жұмыстарда дәлелді пікірлер, аргументтер және әдеби материалдар қолданылды;
* Қатысушылар шығармашылық ойлау мен өзіндік тұжырымдарын көрсетуге ұмтылды.
🏆 Жеңімпаздар:
🥇 I орын – Борамбай Ақдидар
🥈 II орын – Галимжанова Гүлнұр
🥉 II орын – Бектас Аяулым
🏅 III орын – Ануарбекова Перизат
🏅 III орын – Адебиет Аяжан
🏅 III орын – Дюсенова Арай
Барлық қатысушыларға шынайы алғыс білдіреміз! Ғылымға ұмтылған әр қадам – болашаққа салынған жарқын жол, ал білім мен ізденіс – сол жолдың ең сенімді тірегі.