2023 жылдың 8 қыркүйек күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» және «Логопедия» бөлімдерінің I курс студенттеріне арналған «Мамандыққа бейімдеу» атты кешенді таныстырылым өтті.
Негізгі мақсат – білім алушыларды педагогикалық мамандыққа бейімдеу. Мектепке дейінгі тәрбие – үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы. Республикалық оқу-әдістемелік бірлестігінің орынбасары Батанасова Бақытгүл Ерғалиқызы қоғамдағы педагог мәртебесінің маңызды тетіктеріне тоқтала келе, тәрбиеші және логопед мамандардың әлеуметтік беделінің жоғарлағанын атап өтті. Сонымен қатар студенттердің ұсыныс-пікірлерін, қажеттіліктерін тыңдауға және қолдауға оқытушылар құрамы үнемі ашық екендігіне тоқталды.
Мамандыққа бейімдеуде төмендегі кәсіби модульдер жүзеге асырылды:
• М.Монтессоридің дидактикалық материалдарын Әмірова Сағира Абзалқызы таныстырып, жаңа педагогикалық технологиялардың маңыздылығын көрсетті.;
• «Сиқырлы әлем» қуыршақ театрынан ертегіден үзіндіні МД-32 ҚБ тобының студенттері сахналап, үйірмеге қатысуға шақырды;
• Логопедия мұғалімінің тәжірибелік әрекетінде заманауи логопедиялық технологияларды тиімді қолданудың жолдарын логопед маманы Искакова Бақыт Жарматайқызы таныстырды;
• «Шарма – softskills дағдыларды қалыптастыру негізі бағытында шеберлік сыныбын Әміржанова Гүлмира Қайыржанқызы ұйымдастырып, студенттермен бірлесіп жобалар жасады;
• «Сыңғырлаған әуендер» атты музыкалық аспаптардың мектепке дейінгі тәрбие және оқыту мамандығы бойынша рөлін атап көрсетті.
Іс-шара соңында «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» және «Логопедия» бөлімдерінің меңгерушісі Балдықова Гүлден Тұрлыбекқызы I курс студенттерін жаңа оқу жылындағы жаңашылдықтармен таныстырып, кәсіби маман атану жолына белсенділік танытуларына тілек білдірді.