05.03.2026
Студенттер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында Ж. Мусин атындағы жоғары қазақ педагогикалық колледжінде «Заңды білген жөн екен!» тақырыбында танымдық-тәрбиелік іс-шара өткізілді.
Аталған іс-шараны колледждің әлеуметтік педагогы Аугалиева Жадыра Қайырболатқызы мен кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы, полиция лейтенанты Нысанбай Ескендір Бекболатұлы бірлесіп ұйымдастырды.
Кездесу барысында білім алушыларға құқықтық сауаттылықты арттыру, заң талаптарын сақтау, сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізер кері әсері туралы кеңінен ақпарат берілді. Сонымен қатар құқық бұзушылықтың алдын алу, жасөспірімдер арасындағы тәртіп мәселелері, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік түрлері түсіндірілді.
Іс-шара барысында студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты мысалдар арқылы құқықтық кеңес алды. Мұндай кездесулер жастардың заңға деген құрметін арттырып, азаматтық жауапкершілігін қалыптастыруға, әділдік пен адалдық қағидаттарын берік ұстануына ықпал етеді.