Текст
Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі Абай Құнанбайұлының шығармашылығының негізінде «Толық адам» тұжырымдамасын іске асыруда. «Шетел тілі» кафедрасының оқытушысы Жусупова Динара Петровнаның ұйымдастыруымен «Абай ілімі» элективті курсы аясында «Абай және әлем әдебиеті» тақырыбындағы іс-шара өтті. Негізгі мақсат – Абай ілімін насихаттау, рухани азық алу. Элективті курс жұмысына «Ағылшын» бөлімінің III-IV курс студенттері атсалысты. Курс мүшелері Абай Құнанбайұлының өмірлік жолы мен шығармашылығымен танысты. Студенттер Абайдың өлеңдерін ағылшын тілінде оқып, талқылады.