АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

ТҮЛЕКТЕР ЛЕБІЗІ

07.12.2020

«Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан», – деп халқымыздың ұлы ақыны Абай Құнанбаев атамыз айтып кеткендей әр адам осы өмірде өз орнын табуға тырысады. Менің мамандығым – дене шынықтыру пәнінің мұғалімі. Өз мамандығымды мақтан тұтамын.

Мен, Ақмола облысы, Біржан сал ауданы, Аңғал батыр ауылы Амангелді орта мектебінде дене шынықтыру пәні мұғалімі болып жұмыс атқарамын. Осы мектепте 9 жыл оқып, 2014 ші жылы Көкшетау қаласындағы Ж.Мусин атындағы жоғары қазақ педагогикалық колледжінің «Дене мәдениеті» бөліміне оқуға түстім. Колледж қабырғасында оқып жүрген кезде волейбол, баскетбол т.б. үйірмелерге белсене қатыстым.

Амангелді орта мектебінде үшінші жыл жұмыс атқарып жүрмін. 2018 жылы осы жерге жұмысқа орналастым. Осы уақыт ішінде балалардың спортқа деген қызығушылықтары арта түскенін байқадым. Үш жыл ішінде аудандық, обылыстық көлемдегі жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүрміз. 2018 жылы оқушылар арасында өткен аудандық баскетбол сайысында жүлделі екінші, волейболдан жүлделі 3-ші орынға ие болдық. 2019 жылы Щучинск қаласында болған баскетболдан облыстық жарысқа екі оқушым қатысты. Өзім де мұғалімдер арасындағы жарыстарға қатысып жетілу үстіндемін. «Мұғалім - 2019» спорттық жарыста «Городошный спорт» түрінен аудандық жарыста жүлделі бірінші орынға және волейболдан екінші орынға ие болдық. Облыстық сайысқа жолдама алдық. 2019 жылы педагог мамандардың ұлттық біліктілік тестілеуінен өтіп, педагог–модератор атандым.

Қазіргі таңда бос уақытымызда ауылдар арасында «КӨКПАР» ойынын ұйымдастырып, қатысып жүрміз.

Алынған асулар мен жеткен жетістіктер колледж қабырғасында алынған білім, білік, дағдыдан деп білемін. Колледжде өз ісінің шеберлері жұмыс атқарады. Колледжде заманауи білім алуға барлық жағдайлар жасалған. Менің осындай деңгейлерге жетуіме себепші болған колледж ұжымына үлкен алғысымды білдіремін.

 

Қадірбек Еркебұлан Нұрланұлы

«Дене мәдениеті және спорт», 2018 жылдың түлегі

Амангелді орта мектебі, дене шынықтыру мұғалімі



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 07.12.2020 16:15
Құрылған күні: 07.12.2020 16:15

"Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі" МКҚК

j.musin_qazaq_pedkolleji j.musin_qazaq_pedkolleji

Ұйымдар тізімі
Текст