Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің м.а. 2022 жылғы 15 желтоқсандағы № 500 бұйрығымен бекітілген «Педагог» кәсіптік стандартына сәйкес 01120100 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы бойынша оқу-жұмыс жоспарлары мен оқу бағдарламаларын әзірлеу бойынша шығармашылық жұмыс тобы құрылып, құрамына Жаркент жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі, Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі, М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі, М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі, Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледждері енгізілді.
Аталған педагогикалық-гуманитарлық колледждермен 01120100 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы бойынша 2023-2024 оқу жылына арналған оқу-жұмыс жоспарлары мен оқу бағдарламаларын әзірлеу бойынша кездесетін қиыншылықтарды анықтап, олардың шешу жолдарын қарастырып, колледждерге консультативтік кеңес берілді, тығыз қарым-қатынаста болып, конструктивті бірлікте жұмыстар атқарылды.