2020 жылдың 10 қыркүйек күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде 0101000 – «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының 4 курс студенттері арасында «Балабақша – барлық тәрбие мен білімнің ең алғашқы бастауы» тақырыбында онлайн-конференция өтті. Конференцияға директордың практика жұмысы бойынша орынбасары Қ.Мұқышева, Ш.Жұматаева, практикаға жауапты әдіскерлер Г.Балдыкова, М.Құрметқызы қатысты. Онлайн-конференция «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» бөлімнің оқытушылары Г.Балдыкова, М.Құрметқызының алғы сөзімен басталды. Тәжірибе алмасу алаңында МД-41 тобының студенті А.Тастыбаева «Баланың мектептегі алғашқы күні» тақырыбында сөз сөйлеп, іс-тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар, МД-41 тобы студенттерінің «Қашықтықтан білім алу», «Педагогтің мектепалды даярлық сыныптары мен топтарында жұмыс жасау алгоритмі» тақырыптарында баяндамалар тыңдалды. «Зейін қойып тыңда» акциясы аясында танымдық ақпараттар берілді. Конференция барысында студенттер онлайн форматта білім берудің өзіндік ерекшеліктері, артықшылықтарын, жолдарын көрсете отырып өзара тәжірибе алмасты.