АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Инклюзивті білім беру

02.12.2020
«Инклюзивті білім беру» элективті курсы бойынша қараша айында жүргізілген жұмыстың негізгі мақсаты болашақ мамандардың теориялық білімдерін тереңдетуге, олардың кәсіби іс-әрекетіне деген танымдық ізденімпаздығы мен шығармашылық қабілетін қалыптастыруға, өздігінен білім алу іскерліктерін шыңдап, зерттеу бейімділіктерін жетілдіруге бағытталған.
Инклюзивті білім беру элективті курсы 0111000 «Негізгі орта білім беру», 0111083 «Негізгі мектептің шетел тілі мұғалімі» біліктілігі бойынша құрылды. Осы айда белсенді қатысқан студенттер А-41 тобынан Каптаева Карина Рүстемқызы, Келденова Саида Қанатқызы, Қабдыл Мағжан Бауыржанұлы; А-42 тобынан Кожина Жайнар Бекдаулқызы; А-43 тобынан Карерова Сәуле Ерболқызы болды. Өзіндік шығармашылық зерттеулер жасап, баяндамаларымен «Ерекше білімді қажет ететін балаларды оқытудағы жаңа әдістемелік мүмкіндіктердің тиімді жолдарын анықтау және өз тәжірибесінде қолдану» бойынша жұмыстар жүргізді. Өз зерттеу жұмыстарымен «Дар учителя» атты интернет-журнал сайтында жарияланған «Менің арманым – 2020» атты балаларға, студенттерге арналған Республикалық қашықтықтан өткізілген конкурсына қатысып, жеңімпаз атанды. Дарынды студенттерге ғылыми жетекшілік жасаған педагогика пәнінің оқытушысы Секенова Балкүміс Байжанқызы Алғыс хатпен марапатталды.
Просмотров: 290


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст