АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Мамандық таңдау – маңызды қадам

26.10.2021
Кәсіптік бағдар беру жоспарына сәйкес 2021 жылдың 19-20 қазан күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде «Ағылшын» бөлімінің ұйымдастыруымен Біржан сал ауданы Степняк ауылының «Абай атындағы №2 орта мектебінің» және Көкшетау қаласы, Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 9-11 сынып оқушыларының мамандықты дұрыс таңдау жасауына бағыт беру мақсатында ZOOM платформасы арқылы онлайн конференция ұйымдастырылды. «Ағылшын» бөлімі жайында бейнефильм көрсетіліп, колледж мамандықтары мен біліктіліктері бойынша толық ақпарат ұсынылды. Тәрбие жұмысы негізінде ұйымдастырылатын элективті курстар, үйірмелер туралы мағлұматтар берілді. Кері байланыс орнатылып, оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды. Онлайн конференцияға ағылшын бөлімінің оқытушысы А.Ж.Сағындық және А.Ж.Қаппас қатысты.


Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 26.10.2021 10:33
Құрылған күні: 27.10.2021 14:48

"Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі" МКҚК

j.musin_qazaq_pedkolleji j.musin_qazaq_pedkolleji

Ұйымдар тізімі
Текст