 
                                
             19.11.2020
                19.11.2020
        Ағымдағы жылдың 17 қараша күні Семей қаласы М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің ұйымдастыруымен өткен Абай Құнанбайұлының 175-жылдығына арналған республикалық «Абай тағылымы – адамзаттық тағылым» атты әдістемелік-шығармашылық фестивалі аясында «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!» атты көркемсөз оқулары өтті. Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің атынан Филология бөлімінің студенті Секел Жанарбек өз өнерін ортаға салып, жүлделі І орынды иеленді! Көркемсөз оқу байқауында өз таңдауындағы Абайдың 50 шығармасынан әділқазылардың ұсынуымен кез-келген үзіндіні жатқа мәнерлеп оқу бойынша 22 қатысушы бақ сынасты. Жоғары дайындықпен келген қатысушылар арасынан студентіміз оқ бойы алда болып, жеңіс тұғырынан көріне білді! Секел Жанарбекті аталмыш жеңісімен құттықтаймыз!