АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Хабарландыру!

«Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі» МКҚК 2020 жылдың 16 наурызынан бастап қашықтықтан оқыту жүйесіне ауысты. Маңызды ақпараттар колледждің ресми сайтында орналастырылады. Әр топтың ата-аналары үшін, студенттерге онлайн режимінде, файл алмасу, ақпараттармен қамтамасыз ету, сонымен қатар оқу процесін күнделікті бақылау үшін WhatsApp чаттары жұмыс істеп жатыр. Барлық сабақтар онлайн режимінде Google Classroom интерактивті платформасының көмегімен өткізіледі.

Сонымен қатар, «Балапан» бағдарламасы бойынша қысқа мерзімді курстардың студенттері үшін және сырттай оқитын студенттер үшін қашықтықтан оқыту платформасы толығымен онлайн режимінде өзінің ресми сайтында жұмыс істейді. Оқу жылының басынан бастап қолданбалы бакалавриат бағдарламалары бойынша 8 топта оқу процесін басқару PLATONUS ақпараттық жүйесіне сәйкес жүзеге асырылады, жұмыс онлайн режимінде жалғасады. Барлық оқу әдістемелік кешен файлдары Google Диск  бағдарламасына орналастырылған. 14 наурыз 2020 жылы оқытушылармен және студенттермен қашықтықтан оқыту жүйесін енгізу және онлайн режимінде оқу процесін ұйымдастыру туралы брифингтер өткізілді, ата-аналарына (заңды өкілдері) толық ақпараттар берілді. Қашықтықтан оқытуға көшу туралы бұйрық шығарылды және осы кезеңге арналған жұмыс жоспары жасалды. Оқу процесінің өзгертілген кестесі мен қашықтықтан оқыту кестесі колледждің ресми сайтында http://pt0004.kokshetau.aqmoedu.kz/, сонымен қатар Facebook және Instagramm сайттарында жарияланады.

 

 

Жаңартылған күні: 17.03.2020 10:34
Құрылған күні: 19.03.2020 11:34

"Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі" МКҚК

j.musin_qazaq_pedkolleji j.musin_qazaq_pedkolleji

Ұйымдар тізімі
Текст