АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

«ҚР колледждерінің ең үздік 100 студенті» анықталды

22.10.2020

ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен өткізілген «ҚР колледждерінің ең үздік 100 студенті» жобасына Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің Филология бөлімінің студенті Аманжолова Аққу Қорғанқызы қатысып, еліміздің үздік студенттерінің қатарынан көріне білді.

Республикалық жобаға 338 студент қатысты. Жоба білім алушыларды құзыреттілік деңгейін арттыруға және көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыруға ынталандыру үшін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының 100 үздік студенттерін мойындауға бағытталған.

Жоба үш кезеңде жүзеге асырылды: 1.Колледждер бойынша өтініштерді қабылдау; 2.Студенттің кәсіби мамандығы бойынша эссе және жетістіктері енгізілген видеоролик қабылдау кезеңі; 3.Республикалық дауыс беру кезеңі.

Байқау қорытындысында Аманжолова Аққу Қорғанқызы жеке жетістіктері ескеріліп, жалпы 1109 дауыс жинау арқылы 2020 жылдың «ҚР колледждерінің ең үздік 100 студенті» жобасының жеңімпаздарының қатарына енгізілді. Үздіктер легінен көрінген Аманжолова Аққуды аталмыш жеңісімен құттықтаймыз!

Просмотров: 390


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст