Текст
Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің мектепке дейінгі білім беру бөлімінің оқытушысы Г.Мұратханның жетекшілігімен аталған бөлімнің «Сиқырлы әлем» қуыршақ театрының студенттері жаңа жыл қарсаңында 20 желтоқсан күні Көкшетау қаласындағы №5 «Қуаныш» балабақшасында «Дос іздеген бота» атты сахналық қойылымын бүлдіршіндерге тарту етті. Сахналық қойылымда қызықты қимылды ойындар, әндер мен өлеңдер болды. Қойылымға балабақша тәрбиеленушілері мен балабақша әдіскері және педагогтар қатысты. Студенттер сахналық қойылымға аса жауапкершілікпен қарап, балалар көңілінен шықты. Балабақша тәрбиеленушілері қызығушылықпен қойылымды тамашалап, алғыстарын білдірді.