АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің оқытушылары Мұсайыпова Шынар Қайратқызы «Білім беру саласының білікті ұстазы», Таткенова Сәуле Қайратқызы «Қазақстанның білім беру ісінің қайраткері» атты республикалық байқауының жеңімпаздары атанды.
Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына арналған жолдауын білім беру ұйымдарының педагогтері мен білім алушылары арасында кеңінен насихаттау мақсатында «Дарынды оқушылардың қабілетін айқындау, дамыту» жобасы аясында өткен республикалық байқауда оқытушыларымыз үздік нәтиже көрсетіп, С.Таткенова Білім саласына қосқан айрықша еңбегі үшін «Қазақстанның білім беру ісінің қайраткері» атты төсбелгісімен марапатталса, Ш.Мұсайыпова Білім саласына қосқан айрықша еңбегі үшін «Білім беру саласының білікті ұстазы» атты төсбелгісіне ие болды. Байқауда үздік деп танылған жұмыстар «Қазақстанның білім беру ісінің қайраткері» және «Білім беру саласының білікті ұстазы» атты республикалық материалдар жинағына енді.