АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
2019 жылдың 20 ақпанында Тараз қаласында Жамбыл облысы әкімдігі,білім басқармасы жанындағы Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжі ұжымының мектепке дейінгі тәрбие және оқытудың жаңартылған мазмұнын іске асырудың жолдарын анықтау, студенттермен жұмыс жасау формалары мен әдістерін жетілдіру, техникалывқ және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» мамандықтары бойынша дәріс беретін оқытушылармен тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылған «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңартылған мазмұнын іске асырудың негізгі бағыттары» тақырыбындағы республикалық семинарға колледж тарапынан республикалық оқу-әдістемелік бірлестік әдіскері Тойындық Молдағалиқызы Жоламанова мен мектепке дейінгі педагогика пәнінің оқытушысы Сағира Абзалқызы Әмірова қатысып келді.
Семинар Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының басшысы Рахия Сейітбекқызы Тұрмаханбетова мен колледж директоры Айдархан Дүкенбайұлы Биназаровтың кіріспе сөздерімен басталды.
Семинар №28 бөбекжай-бақшасының базасында «Шығармашыл тұлғаны оқыту мен тәрбиелеудегі құзыретілік» тақырыбындағы семинар-практикум және №15 бөбекжай-бақшасының базасында «Мектепке дейінгі ұйымдарда мазмұны жаңартылған оқу қызметтері» тақырыбындағы шебер-сынып жұмыстарымен жалғасты.
Күннің екінші жартысында семинардың пленарлық бөлімі ұйымдастырылды. Семинардың пленарлық бөлімінда Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінің «Мектепке дейінгі педагогика» пәні бірлестігінің меңгерушісі Забира Байдәулетқызы Серікова «Кәсіптік және арнайы пәндерден панорамалық сабақ», Мектепке дейінгі педагогика пәнінің оқытушысы Жанат Жәдекбайқызы Әлімбаева «Дуальды оқытудың ерекшелігі», Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университетінің оқытушысы, педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессоры Ақгүл Мырзағалиқызы Жубандықова «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңартылған мазмұнын іске асырудың негізгі бағыттары», республикалық оқу-әдістемелік бірлестік әдіскері Тойындық Молдағалиқызы Жоламанова «Республикалық оқу-әдістемелік бірлестік жұмысының бағыттар», мектепке дейінгі педагогика пәнінің оқытушысы Сағира Абзалқызы Әмірова «Мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру мазмұнын жаңартуда инновациялық технологияларды пайдалану мүмкіндіктері», Қызылорда қаласы, М.Мәметова атындағы педагогикалық жоғары колледжінің «Мектепке дейінгі педагогика» пәні бірлестігінің меңгерушісі Ұлжан Әлібайқызы Есмаханова «Дуальды оқыту эксперименті: ізденіс, шығармашылық, нәтиже», Жезқазған гуманитарлық колледжінің оқытушысы Айсұлу Әкімжанқызы Ақметжанова «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту тәжірибесінде мазмұны жаңартылған білім беру технологиялары» тақырыптарында баяндамалар оқылды.
Семинар соңында әлеуметтік серіктестіктерден келген мамандар өз пікір-ұсыныстарын жасады.