Сауықтыру лагеріндегі жазғы практиканың мақсаты – балалар мен жеткіншектердің танымдық қызығушылықтарын дамыту аясында ұжымдық шығармашылық қызметті ұйымдастыру. Осы мақсатта колледжіміздің 0101000 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту», 0103000 «Дене тәрбиесі және спорт», 0108000 «Музыкалық білім беру», 0105000 «Бастауыш білім беру», 0111000 «Негізгі орта білім беру» мамандықтарының ІІІ курс студенттері жазғы педагогикалық тәжірибені «Балдәурен», «Әулет», «М.Ғабдуллин» атындағы жазғы сауықтыру мекемелерінде, мектеп лагерлерінде өтуде. 2019 жылдың 2 маусымынан 29 тамыз аралығында өз ауысымдары бойынша балалардың еңбек, ойын, көркем-шығармашылық, спорттық әрекеттерімен байланыстырып, тәрбиелік іс-шараларды ұйымдастырады. І-ІІ ауысым бойынша студенттеріміз жоғары деңгейде ұйымдастырғандары үшін Алғыс хаттармен марапатталды.