АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Колледж-университет сабақтастығын жүзеге асыру мақсатында бірлескен жұмыс отырысы

24.10.2019

 

        Ш.Уәлиханов Көкшетау мемлекеттік университеті базасында 2019 жылдың  22 қазанында жоғары оқу орнымен жоғары колледж сабақтастығын нығайту мақсатында бекітілген ынтымақтастық меморандумы негізінде «Білім беру бағдарламалары. Информатика және робототехника (көптілді оқыту)»  атты бірлескен жұмыс отырысы өткізілді.

     Жұмыс отырысына колледж тарапынан директордың ғылыми-әдістемелік жұмыстары бойынша орынбасары А.Рахым, республикалық оқу-әдістемелік бірлестігінің әдіскері Ш.Онбасиева және информатика бөлімінің меңгерушісі А.Қалменбай, информатика пәнінің оқытушысы Д. Утебаева қатысты.

         Отырыс барысында жалпы білім беретін мектептердегі информатика мұғалімдері мен педагогикалық колледждердің 0111000 «Негізгі білім беру» мамандығының информатика пәні бойынша 0111134 «Негізгі орта білім берудің қолданбалы бакалавры» біліктілігіне қатысты білім беру бағдарламасының жобасы талқыланды.

       Екі бағытта әзірленген бағдарлама жобасы:1) жаратылыстану (педагогикалық бағытындағы) көптілді информатика мұғалімі; 2) техникалық (бакалавр, инженер, робототехника) бағытындағы мамандарға арналған пәндер мазмұны қаралды.

      Университетпен бірлікте құрылған жұмыс тобының мүшелерімен келісе отырып 0111000 «Негізгі білім беру» мамандығының информатика пәні бойынша 0111134 «Негізгі орта білім берудің қолданбалы бакалавры» біліктілігі бойынша әзірленген типтік және оқу-жұмыс жоспарының сапасына сараптама жасалып, нәтижесінде  бірауыздан қабылданған оқу бағдарламасын алдағы уақытта қолданбалы бакалавриат бойынша жүзеге асыру мақсатында бірлескен жұмыс отырыстары жоспарланды.



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 24.10.2019 14:51
Құрылған күні: 25.10.2019 14:23

"Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі" МКҚК

j.musin_qazaq_pedkolleji j.musin_qazaq_pedkolleji

Ұйымдар тізімі
Текст