Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы «Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорында 2018 жылдың 30 наурызында студенттер мен тәрбиешілерге М. Монтессоридің сенсорика аймағындағы сенсорлық-дидактикалық материалдардың түрлері мен оларды мектепке дейінгі ұйымдарда қолданудың тиімді әдіс‑тәсілдерін тәжірибе жүзінде көрсету және меңгерту мақсатында «Мектепке дейінгі ұйымдардағы балалардың танымдық қабілетін дамытуда М.Монтессоридің сенсорикалық-дидактикалық материалдарын тиімді қолдану жолдары» тақырыбында облыстық семинар-практикум өткізілді.
Семинар-практикум директордың оқу жұмысы бойынша орынбасары Т.Б.Сәбитованың кіріспе сөзімен басталды.
Теориялық бөлімде «М. Монтессори технологиясы» атты элективті курсының жетекшісі, Монтессори-педагог Әмірова Сағира Абзалқызы «Мектеп жасына дейінгі балалардың сенсорлық дамуын жетілдіруде М.Монтессоридің дидактикалық материалдарын қолдану мүмкіндіктері» тақырыбында баяндама оқыды.
Семинардың практикалық бөлімінде №1 «Арман» балабақшасының тәрбиешісі Анасова Гүлзада Әбілғазықызы жылу (жылулық, жылы) тақтайшаларымен, Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бөлімінің қолданбалы бакалавриат тобының 3-курс студенті Шуақбаева Азиза шулы цилиндрлермен жұмыс түрлерін көрсетті, Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бөлімінің 4-курс студенті Шонай Айдана №1, №2, №3 түрлі-түсті тақтайшалармен. №1 «Арман» балабақшасының тәрбиешісі, Монтессори-педагог Ғалымова Бекзат Хайыргелдіқызы №1, №2, №3, №4, №5 – сындарлы үшбұрыштарды қолдану ерекшеліктерімен, А, В, С, Д Цилиндр блоктары және түрлі‑түсті цилиндрлермен (қызғылт мұнара, қоңыр баспалдақ, қызыл зілтемір) таныстырды.
М.Монтессори технологиясының математика аймағы бойынша Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бөлімінің 4-курс студенті Үсен Гүлсая Математика аймағында «Алтын банк» материалдарын қолданып, сабақ өткізудің ерекшеліктерін, Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бөлімінің 4-курс студенті Жүсіпбекова Индира Математикалық материалдардың төртінші тобы «Жылан ойыны» арқылы қосу және азайту жұмыстарын практика жүзінде көрсетті.
Семинар соңында республикалық оқу-әдістемелік бірлестік әдіскері Тойындық Молдағалиқызы Жоламанова «Көңіл-күй баспалдағы» әдісі арқылы рефлексия жүргізді.