АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
17 ақпан күні Ж.Мусин атындағы педагогикалық колледжінде «Инклюзивті оқытудағы педагогикалық төзімділік пен шеберлік» тақырыбында тәжірибелік диалог алаңы өткізілді. Мақсаты: ерекше оқытуды қажет ететін білім алушылармен жүргізілетін жұмыстар бойынша тәжірибе алмасу болып табылды. Семинар модераторлары колледж оқытушылары Б.Батанасова, Ә.Файзуллина. Алғы сөзді колледж директорының оқу жұмысы бойынша орынбасары Тілек Батырханқызы Сабитова бастап, Көкшетау қаласы әкімдігінің жанындағы №7 "Айша" бала бақшасынан келген психолог және №19 орта мектебінен келген логопед мамандарға өз алғысын білдірді. Кездесу барысында педагогика пәнінің оқытушысы Б.Батанасова баяндама оқып, диалог алаңы ары қарай қонақтардың баяндамаларымен жалғасты. Студенттер өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, «Инклюзивті оқыту және белсенді педагогикалық мәдениет» жобасының жұмыстарымен таныстырды және өз зерттеулерінің нәтижесін көрсете білді. Студенттердің ғылыми жұмыстары жоғары бағаланып, тәжірибе алмасты.