АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Құрметті әріптестер!

12.04.2020

Құрметті әріптестер!

Бүгін - Ғылым күні.

"Ғылымсыз, жаңа технологиялар мен білімді енгізбестен экономикада да, әлеуметтік салада да табысқа жету мүмкін емес, сондықтан ғылымның дамуына өз өмірін арнаған және барлық күш-жігерін жұмсайтын адамдарды бағалауымыз қажет" деп ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағанбетов айтқандай, педагог мамандарды даярлауда үлкен үлес қосып жүрген Сіздерді ғылым күнімен құттықтаймын. Уақыттың тегеурініне төтеп беретін, әсіресе, еліміздегі бүгінгі қиын кезеңде қажырлылықпен, төзімділікпен қызмет етіп жүрген оқытушылар қауымының еңбегі зор.  

Колледжімізде 2 ғылым кандидаты, 1 докторант, 52 магистр, 6 магистрант қызмет етеді. Жыл сайын ғылыми әлеуетіміз артып келеді. Колледжіміздің Білім мен ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған стратегиялық даму бағдарламасында алдағы жылдарға іргелі қадамдар айқындалды. Студенттерді ғылыми жұмыстарға, жобаларға бағыттауда жоғары көрсеткіштерді көрсетіп отырмыз. Биылғы жылдың өзінде 109 дипломдық жұмыс жазылып жатыр. Бұл үрдіс жылдан жылға жетілдірілуде. Колледж директоры Нұртас Ахатұлы оқытушылардың ғылыми әлеуетін арттыруға, студенттердің ғылыми жобаларын қаржыландыруға айрықша көңіл бөледі.  

Алдағы уақытта колледжіміздің ғылыми-зерттеу әлеуетін арттыруды жалғастыру, білім беру мен ғылымды цифрландыру, студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстарын, жобаларын халықаралық деңгейге көтеру,  сонымен қатар, оның тәжірибе жүзінде жүзеге асырылуын қамтамасыз етуді мақсат етіп отырмыз.

Қазіргі еліміздегі болып жатқан өзгерістер - ғылымға баса назар аудару қажеттілігінің дәлелі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Біз денсаулық сақтау, білім мен ғылымды түбегейлі реформалауымыз керек" деген қорытынды шығарып отыр. Сондықтан алда бірталай өзгерістер болатыны, оны білім және ғылым қызметкерлерінің жүзеге асыратыны анық.

Ғылым мен білім беруді дамытудағы біздің үлесіміз, бірлескен күш-жігеріміз қоғам дамуының негізгі факторы болып табылады.

Құрметті білім және ғылым саласының қызметкерлері, оқытушылар қауымы, Сіздерге сарқылмас зерттеушілік ізденіс, жаңа ғылыми жетістіктер тілеймін! Әр кез аманшылықта болайық!



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 12.04.2020 14:11
Құрылған күні: 09.05.2020 22:14

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст