АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
2019 жылдың 02 сәуір күні Ақмола облысы, Зеренді ауданы, М.Хасенов атындағы Қошқарбай мектебімен меморандум аясында «Шағын жинақталған мектептерде оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыру жолдары» атты әдістемелік семинар-практикум өтті. Мақсаты – білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында шағын жинақты мектептердің оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру бойынша зерттеу жүргізу және тәжірибе алмасу. Семинар-практикумде педагогика пәнінің оқытушысы Ө.Төлеген модератор болды және колледж оқытушылары Д.Жүсіпова, Қаракөз Мұратбекқызы, информатика бөлімінің ІІІ курс студенті А.Шаяхметова қатысып, шеберлік сабақтар өткізіп, студенттер, Қошқарбай негізгі мектебінің ұжымы қатысты. Шеберлік сабақтар, тренингтер бастауыш сынып оқушыларының көктемгі демалысына сай ұйымдастырылды. Семинар өте сәтті өтті. Мектепте біздің оқу орнымыздың бастауыш білім беру, ағылшын бөлімінің түлектері жұмыс жасайды. Мектепке 100 кітап, бастауыш сынып оқушыларына қажетті оқу құралдары сыйға тартылды. Семинар-практикумге қатысушылар мектеп ұжымымен танысып, мектептің материалдық базасын көріп қайтты. Осындай тәжірибе алмасу аясында бұл сабақтастық одан әрі жалғасын таба бермек.