25 ақпан күні Ж.Мусин атындағы педагогикалық колледжді салтанат залында колледжіміздің І және ІІ курс студенттері ата-аналарының жиналысы өтті. Жиналысты директордың тәрбие жұмысы бойынша орынбасары Ердігүл Дәдбасқызы өз алғы сөзімен бастап, колледждегі ауқымды мәселелер жөнінде ата-аналарды хабардар етті. Салтанат залында өткен пленарлық отырыста І және ІІ курс студенттерінің алдағы уақытта оқу процесі барысында смартфон қолдануларына тиым салу туралы және де соңғы уақытта желіде пайда болған көптеген интернет ойындарының зияны туралы мәселелер қозғалып, ата-аналар тарапынан сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылды. Осыдан соң ата-аналар аудиторияларға бөлініп, әр аудиторияда модераторлар Айнагүл Елемесқызы, Ердігүл Дадбасқызы, Әсел Қайроллақызы, Әсел Мақсұтқанқызы, Бақытгүл Ерғалиқызы ата-аналармен тренингтер өткізіп, жұмыстар атқарды.