Текст
6 наурыз Ж.Мусин атындағы педагогикалық колледжі салтанат залында Халықаралық әйелдер мерекесіне орай колледждегі барлық қыз-келіншектерге арнап мерекелік концерт ұйымдастырылды. Концерттік бағдарламаны өз алғы сөзімен колледжіміздің директоры, филология ғылымдарының кандидаты, ПҒА корреспондент мүшесі Ахат Нұртас Ахатұлы бастап, барлық қыз-келіншектерді көктемнің алғашқы мерекесімен құттықтады. Оқытушылар мен белсенді студенттер грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды. Кеш әсем әнмен, сыңғырлаған күймен өз жалғасын тапты.