АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

«Мамандығым - мақтанышым» атты қорытынды сайыс сабақ

31.03.2017

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытында»: «Біз қолжетімді және сапалы білім беруді дамыту бағытын дәйекті жүргізудеміз. «Балапан» бағдарламасын іске асыру балаларды мектепке дейінгі білім берумен 65,4%-ға дейін қамтуға мүмкіндік береді. Міндетті мектепалды даярлық енгізілді, ол мектеп жасына дейінгі білім берудің 94,7%-ын қамтыды» деген болатын. Соның негізінде колледжімізде қайта даярлау курсында «Балапан» бағдарламасы бойынша біліктілігін жетілдіріп жүрген білім алушылар арасында тіл дамыту әдістемесі пәнінің оқытушысы Г.Т.Балдыкова «Мамандығым - мақтанышым» атты қорытынды сайыс сабақ өткізді. Стандарт талаптарына сәйкес пәнді аяқтаған соң мектепке дейінгі балалар тіл дамуындағы ана тілінің рөлін; тіл дамыту жұмыстарының мақсатын, мазмұны мен әдістерін; тілдік мәдениетке тәрбиелеу әдістемесін; грамматикалық дағдыларды қалыптастыруды меңгерді. Ал болашақ кәсібіне сәйкес балаларды байланыстыра сөйлеуге үйрету технологияларын; балаларды көркем әдебиетпен таныстыру әдістерін; сауат ашу жұмыстарына даярлауды; тіл дамыту жұмыстарын жоспарлауды; әдістемелік бақылау жасауды орындай білуі тиіс. Осыған байланысты бағдарлама бойынша білім алушылар «Балалардың тілін дамытудағы ұлттық тәрбиенің рөлі», «Мектепке дейінгі балалар тәрбиесі» атты баяндамалар оқылып, көрме ұйымдастырылды. Бала тәрбиесіндегі ұлттық тәрбиенің маңызы туралы сахналық қойылымдар қойылды.

 

Просмотров: 446


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст