АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

«ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУДІҢ ТҰЖЫРЫМДАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ» АТТЫ СЕМИНАР ӨТТІ

27.01.2021
2021 жылдың 11 қаңтарынан бастап «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту», «Дене тәрбиесі және спорт», «Бастауыш білім беру», «Музыкалық білім беру», «Негізгі орта білім беру» мамандықтарының 4 курс студенттері дипломалды практикадан өтуде. 22 қаңтар күні Көкшетау қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығының ұйымдастыруымен оқу орнымызда «Жаңартылған білім берудің тұжырымдамалық негіздері» атты семинар өтті. Семинарға директордың практика жұмысы бойынша орынбасары Қ.Мұқышева, практика әдіскері Ш.Жұматаева, әдіскерлер және IV курс студенттері қатысты. Оқу мақсаттарына сәйкес сараланған тапсырмаларды құрастыру бойынша практикалық жұмыс түрлері көрсетілді. Сабақты жоспарлауды талқылау, оқу мақсаттарына сәйкес түрлі деңгейдегі тапсырмаларды әзірлеу қалыптастырушы бағалаудың негізгі идеяларын түсінуге ықпал етті.
Кері байланыс педагогикалық колледж студенттерінің дипломалды практикадан өту барысында орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы тақырыптардың өзекті екендігін айқындады. Семинар қатысушылар үшін мазмұнды, әрі танымдық бағытта өтті. Семинар тренерлері Пазылова Гүлмира Шойгариновна, Мусина Айгүл Даулетжановна, Журунтаева Сауле Байкешовнаға алғысымызды білдіреміз.
 


Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 27.01.2021 09:59
Құрылған күні: 02.02.2021 16:23

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст