АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Конференция қорытындысы

06.04.2017

       5 сәуір күні «Бастауыш білім беру» мамандығы бойынша «Жаңартылған білім мазмұны және бүгінгі мұғалім» атты дипломалды практиканың қорытынды конференциясы өтті. Бастауыш мектеп бөлімі бойынша 46 студент Көкшетау қаласының №6, №12, №16, Красный яр №1 мектептерінде, сонымен қатар Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының ауыл мектептерінде тәжірибе жинақтады. Тәжірибе жинақтаған студент – ізденушілер оқытудың заманауи әдістерін қолдану арқылы оқу- тәрбие процесін сапалы ұйымдастырған. Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша БМ-41 тобының студенті Баирлина Гаухар және БМ-42 тобының студенті Джезбаева Гүлзат жинақтаған тәжірибелерімен бөлісіп, портфолиоларын қорғады. Шағын жинақталған мектептердің оқу-тәрбие процесін зерттеу мақсатында мектеп бөлімі Айдарлы негізгі мектебімен жұмыс жоспарын жасап, тәжірибе алмасуда. Аталған бағыттың нәтижесі Хумашхан Аминаның дипломалды практикасы бойынша жинақтаған тәжірибесінен көрініс тапты. Какенова Жадыра Ақмола облысы, Жақсы ауданының Запарожье орта мектебінде тәжірибе жинақтап, мектептің тарихы және өзінің оқу-тәрбие барысы бойынша бейнебаянан үзінді көрсетті. Директордың практика жөніндегі орынбасары Ерлан Бегайдарұлы қала мектептерінде өткен үлгі сабақтар бойынша ақпарат беріп, білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелерге тоқталды. Сонымен қатар, студенттердің ұсыныстарына жауап беріп, алғыс білдірді. Дипломалды практика нәтижесі бойынша көптеген студенттер атап айтсақ, Нұрхамит Ж., Асылбек Р., Сейтмұрат З., Сапарбек Н., Аяған Б., Егімбаева Ж., Какенова Ж. алғыс хаттармен марапатталды. Іс-шараға бастауыш мектеп бөлімінің оқытушылары мен  ІІІ курс студенттері қатысты.

Просмотров: 504


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст