АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
Бүгінгі күні бізді байланыстырып қана қоймай, ырқымыздан тыс өз дегеніне көндіріп, көгеніне жіпсіз байлап алған билеуші күш бар. Ол - ғаламтор. Соның ішінде Facebook, Instagram, Whatsapp, BK т.б сияқты әлеуметтік желілерді бүгінде мектептегі балалардан бастап, егде жастағы адамдарға дейін пайдаланып, тұрақты тұтынушыларына айналған. Осы әлеуметтік желілерде туындап жатқан жағдайлар, адам айтса сенгісіз оқиғалар кез-келген жанды бей-жай қалдырмайтыны анық. Осыған орай, сәуірдің 20 күні «Қауіпсіз интернет» республикалық ақпараттық кампаниясының жоспары аясында «Сөйлеу дағдыларын жетілдіру» элективті курсының ұйымдастыруымен «Желідегі қарым-қатынас этикасы» атты дискуссия алаңы өтті. Элективті курс мүшелері өзара пікір алмасып, желідегі қарым-қатынас этикасын талдап, пайдалы, зиянды жақтарын көрсетті. Сонымен қатар үйірме мүшелерінің арасында бұл тәуелділіктен қалай айырылуға болады деген сұрақтар талқыланды.