Текст
10 мамыр Ж.Мусин атындағы педагогикалық колледжі базасында «Жаңартылған білім беру бағдарламасы» бойынша семинар өтті. Семинарды өз алғы сөзімен директордың оқу жұмысы бойынша орынбасары Тілек Батырханқызы Сәбитова бастап, одан әрі семинар модераторлары Педагогикалық шеберлік орталығының аға менеджерлері С.Журунтаева және Г.Фазылова жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшеліктерін, бағалау критерийлерін баяндады, оқытушылардың сұрақтарына жауап берді, оқытушылар тарапынан өз ойларын айтты. Семинарға әкімшілік және арнайы пән әдістемелерінен сабақ беретін оқытушылар қатысты.