«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында қолданбалы бакалавриаттың білім беру бағдарламаларын іске асыру» бойынша біліктілікті арттыру курсы
25 қыркүйек пен 6 қазан аралығында «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында қолданбалы бакалавриаттың білім беру бағдарламаларын іске асыру» тақырыбында Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының инженерлік-техникалық қызметкерлерін халықаралық талаптарға сәйкес екі апталық біліктілікті арттыру курсы өтті.
Курстың мақсаты: техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында қолданбалы бакалавриаттың білім беру
бағдарламасын жүзеге асыруда педагогикалық қызметкерлердің практикалық білім-білік дағдыларын дамыту мен қалыптастыру. «Кәсіпқор холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамының штаттан тыс тренерлері Садвокасова Анар Саябековна, Мергунов Геннадий Александрович, Негметова Салтанат Каниевна, Калиева Гульмира Жаксылыковна курсты өткізді. Барлығы Ақмола облысы колледждері арасында 14 оқытушы және біздің колледжден 26 оқытушы қатысып, сертификатқа ие болды.