АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
Ағылшын бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес сәуірдің 11 күні Көкшетау қаласының дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 9-сынып оқушыларымен кәсіби бағдар беру мақсатында ағылшын бөлімінің оқытушылары Мынбаева Гульзат Саткеновна және Батырбекова Закира Асылжанқызы мәнді де мағыналы кездесу өткізді. 9 «А» сынып оқушыларымен «Travelling» тақырыбы аясында сабақ өткізілді. Сабақ барысында ағылшын тілін үйренуге байланысты кеңестер берілді. Оқушылар өздерінің тіл үйренуге деген қызығушылықтарын танытты. Кәсіби бағдар беру арқылы оқушыларды мамандықтар әлемінде, олардың мазмұны, ерекшеліктері, жеке тұлғаға қоятын талаптарын өз бойындағы қасиеттерімен ұштастырып, өндіріс, шаруашылық салаларының даму міндеттеріне, оның нарықтық экономика жағдайындағы рөліне сай саналы таңдалып алынған мамандыққа мүдделілігін тәрбиелеуді қажет етеді. Кездесу барысында колледж және ағылшын бөлімі туралы түсірілген арнайы бейнеролик көрсетілді. Оқушылар өздерін қызықтырған мамандықтар жайлы сұрақтарын қойып, барлық сұрақтарға толық жауап алды.