Байқау практикасы бойынша үлгі сабақтар
Жаңа оқу жылынан бастап 0105000 «Бастауыш білім беру», 0101000 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту», 0111000 «Негізгі білім беру» мамандықтарының ІV курс студенттері қаламыздың бірнеше мектептерінде байқау практикасынан өтуде. Жоспарға сәйкес мектептерде үлгі сабақтар ұйымдастыру кестесі құрылып, бекітілді.
Қазан айының 4-6 күндері бастауыш мектеп бөлімінің ІV курс студенттері М.Ғабдуллин атындағы көптілде оқытатын №3 мектеп-гимназиясында дүниетану пәнінен «Жүрек қан тамырлары және оның қызметі» Сапар Гүлжайна, №18 мектепте математика пәнінен «Бір таңбалы сандарды қосу және азайту» Болат Сәттігүл, №17 мектепте сыныптан тыс жұмыс «Күз Ханзадасы мен Ханшайымы», Жұмкенова Ханша, №16 мектепте Кажакпарова Қымбат «Мен және менің мектебім» тақырыптарында үлгі сабақтарын өткізді. Студенттеріміз әр сабағында жаңа технологияларды өз шеберліктерімен тиімді көрсете отырып, сапалы сабақтар ұйымдастырды. Үлгі сабақтарға колледж студенттері, әдіскерлер қатысты.