АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Жаңа басылымдағы оқу құралдары

28.05.2019

     Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ жоспарлаған Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттеріне арналған өзектендірілген білім беру бағдарламаларына негізделген 100 оқу әдебиетін әзірлеу шеңберінде 0105000 «Бастауыш білім беру» мамандығының үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі оқытушыларының авторлығымен «Мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту» және «Педагогикалық іс-әрекетті жобалау» атты оқу құралдары жарыққа шықты. «Мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту» оқу құралының авторлар құрамы: Н.Ахат, Г.Серкешбаева, А.Бейсембина, Н.Қазбекова. Ал, «Педагогикалық іс-әрекетті жобалау» оқу құралының авторлары: Б.Батанасова, Т.Сабитова, Л.Навий, Ш.Утельбекова.

    Оқу құралдары қазақ әдебиеті пәнінің жоғары санатты оқытушысы, филология ғылымдарының магистрі, Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының мүшесі Серкешбаева Гүлжанат Нұрмағанбетқызының және педагогика пәнінің жоғары санатты оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі, Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының мүшесі Батанасова Бақытгүл Ерғалиқызының басшылығымен әзірленді. Құттықтаймыз!



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 28.05.2019 09:13
Құрылған күні: 09.05.2020 21:43

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст