АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Абай атындағы электронды- ресурстық кітапхананың төлқұжаты

15.10.2017

Абай атындағы электронды – ресурстық кітапхана 2010 жылы  қарашадан  бастап ашылды. Жас мамандарды кәсіби қалыптастыруда колледж кітапханасы маңызды рөл атқарады. Кітапхана Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын, кітапхана ісі бойынша құжаттармен, ҚР Білім және ғылым министрлігінің нормативтік актілерін, республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханалардың әдістемелік ұсынымдарын және колледждің оқу жоспарларын негізге ала отырып қызмет атқарады.

Колледж кітапханасы орта арнаулы оқу орындары кітапханаларының талаптары мен міндеттеріне жауап бере алады. Кітапхана қоры 18.07.2003 ж. №508 «ҚР мемлекеттік білім беру ұйымдарының кітапхана қорының қалыптасуы туралы нұсқаулығы» негізінде колледж бейіні мен оқырмандардың ақпараттық қажеттіліктеріне сәйкес қалыптасады. 

      Электронды-ресурстық қорының қалыптасуы, электронды кітапхана құру қазіргі таңда кітапхана қызметінің негізгі міндеттерінің бірі болып саналады. Замануи талаптарына сай «КАБИС» бағдарламасы енгізілді.

Қазіргі уақытта «КАБИС» бағдарламаға оқулықтардың библиографиялық анықтамалары және оқытушылардың мерзімді басылымдарда жарық көрген  мақалалары бар электронды каталог жүзеге асырылуда.

 

Кітапхананың материалдық техниалық базасы

Кітапхананың жалпы аумағы: 238,5 м2 

Оқу залының көлемі 164,4 м2

Кітап қоймасы: 74,1 м2

Оқу залындағы орын саны: 54

Компьютерлер саны: 35

Теледидар: 1

Принтер: 1

Цифрлық подиум: 1

Интерактивті тақта: 1

Оқулықтар мен әдебиеттерге арналған 37 стеллаж бар (біржақты – 27, екіжақты – 3, көрмеге арналған – 7) және  1стеллаж мерзімді басылымдарға арналған.

Кітап қоры – 35222

Электронды оқулықтар –1507

Оқырман саны – 1268

Жыл сайын түскен оқулықтар – 4552

Жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма сағат 900 –1900 дейін;

                            Сенбі сағат 900 – 1400 дейін;

                            Жексенбі  - демалыс

 

 

 

Просмотров: 556


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст