АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

№8 орта мектебінде ағылшын тілінен байқау практикасында өткізілген үлгі сабақ

15.10.2019

 

         2019 жылғы 23 қыркүйек және 14 қазан аралығында А-44 тобының студенттері №8 орта мектебінде ағылшын тілінен байқау практикасынан өтті. Практикадан өту барысында Темірболат Меруерт 8 «Ә» сыныбында ағылшын тілі пәнінен «Daily life and shopping» тақырыбында үлгі сабақ ұйымдастырды. 

         Сабақ warming up (сергіту сәті) үдерісінен басталды. Оқушылар бір-бірімен әр түрлі тілде амандасты. Оқушыларға суреттер беріліп, олар сол суреттердің бөліктерін табу арқылы топтарға бөлінді. Бейнебаян тамашалау арқылы оқушылар сабақтың тақырыбын ойлап тапты. Оқушыларға сабақтың мақсаттары таныстырылды. Сабақ барысында оқушылардың тыңдалым, айтылым, жазылым, оқылым дағдыларын дамытуға арналған әдістер қолданылды. Сабақта жеке, жұптық, топтық жұмыстар ұйымдастырылды, ашық және жабық тапсырма түрлері орындалды, жаңа инновациялық технологиялар, ойын технологиясы қолданылып, оқушылардың тілді үйренуге қызығушылығын арттыратын құралдар, көрнекіліктер көптеп пайдаланылды. Сабақтың соңында оқушылар арасында рефлексия жүргізілді. Оқушылар өз сезімдерін білдіретін суретті жабыстыру арқылы сабақтың қызықты да, түсінікті өткенін атап кетті. Өткізілген сабақ жақсы деңгейде ұйымдастырылды деп бағаланды.

  

  • 20191007_115029.jpg
  • 20191007_115029.jpg


Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 15.10.2019 15:24
Құрылған күні: 16.10.2019 16:29

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст