АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
2019 жылғы 4 және 29 қараша аралығында Ағылшын-31 тобының студенттері Назарбаев Зияткерлік мектебінде байқау практикасынан өтті. Практика жетекшісі: Ташенова А.К.
Мектеп тарапынан байқау практикасы жақсы деңгейде ұйымдастырылды. Студенттер мектептегі білім беру жүйесімен танысып, тәжірибесі және біліктілігі мол мұғалімдердің сабақтарына қатысып, өз білімдерін шыңдауға мүмкіндік алды. Сонымен қатар, студенттер шетелдік мұғалімдермен де тіл табысып, ағылшын тілінде сөйлеу дағдыларын дамытты.
Практикадан өту барысында студенттер өз тарапынан да сабақ көрсетті. Ағылшын тілі пәнінен Каптаева Карина 8b сыныбында “Health and Exercises”, Иманаленова Динара 7a сыныбында “Present Perfect and Past Simple”, Муканов Адильхан 7b сыныбында “Environmental problems”, Найзабек Әбілқайыр 8a сыныбында “Environmental problems. Future Simple Tense” тақырыптарында үлгі сабақтар ұйымдастырды.
Аталған студенттер сабақтарды ұйымдастыруда сабақ жоспарының барлық кезеңдерін қамтыды. Сабақ барысында оқушылардың тыңдалым, айтылым, жазылым, оқылым дағдыларын дамытуға арналған әдістер қолданылды. Сабақта жеке, жұптық, топтық жұмыстар ұйымдастырылды, ашық және жабық тапсырма түрлері орындалды, жаңа инновациялық технологиялар, ойын технологиясы қолданылып, оқушылардың тілді үйренуге қызығушылығын арттыратын құралдар, көрнекіліктер көптеп пайдаланылды. Өткізілген сабақтар жақсы деңгейде ұйымдастырылды деп бағаланды.
Назарбаев Зияткерлік мектебінде практикадан өткен студенттер практиканың жақсы әсерде өткенін, мектеп мұғалімдерінен жақсы тәжірибе алғандарын айтып, жақсы пікірлерімен бөлісті.