АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОНЛАЙН-КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

20.06.2020

 

Ағымдағы жылдың 19 маусым күні Ұлы кемеңгер Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «АБАЙ МҰРАСЫ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ БІЛІМ БЕРУ» атты халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференциясы өтті.

ZOOM платформасы арқылы тікелей видеобайланыс форматында өткен  конференцияны филология ғылымдарының кандидаты, ПҒА корреспондент мүшесі, әдебиетші-ғалым, колледж директоры Ахат Нұртас Ахатұлы жүргізді. Онлайн-конференцияны Ақмола облысы әкімінің орынбасары Малғаждар Саттарұлы Таткеев, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Майра Тұрғанбайқызы Мелдебекова және  Ақмола облысы білім басқармасының басшысы Бейбіт Айтымұлы Жүсіпов құттықтау сөздерімен бастап, конференцияның сәтті өтуін тіледі.

Пленарлық мәжілісте Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректоры, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Дихан ҚамзабекұлыБашқұртстан республикасының ОКББ ММ «Сибай педагогикалық колледжінің» директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Хамитов Ильдар Салихьянович, Қырғызстан Республикасы, Ж.Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университетінің жанындағы кәсіптік колледж директоры,экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Акматов Аскар Акматович, М.Әуезов атындағы педагогикалық колледж директоры, филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан ПҒА корреспондент мүшесі Жанаева Шағангүл Алдамжарқызы, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің стратегия және инфрақұрылымды дамыту жөніндегі проректоры, геология-минералогия ғылымдарының кандидаты, ҚР Халықаралық ақпараттандыру академиясының мүшесі, Ресей жаратылыстану академиясының профессоры Жарқынбеков Темірхан Ниязұлы, Қазақстан Республикасы Педагогикалық Ғылымдар Академиясының Президенті, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Құсайынов Асқарбек Қабыкенұлы, Ресей Федерациясы, «Қорған педагогикалық колледжі» МБКБМ директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы бойынша орынбасары, педагогика ғылымдарының магистрі Ефимова Марина Анатольевна сынды ғалымдар қатысты.

Сонымен қатар, Башқұртстан республикасының ОКББ ММ «Сибай педагогикалық колледжі, Қырғызстан Республикасы, Ж.Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университетінің жанындағы кәсіптік колледждерімен халықаралық ынтымақтастық орнату мақсатында меморандумға қол қойылды.

Елімізде өршіген індетке байланысты жаңаша форматта өткен жиында дәстүрлі әншілер тобының «Абайға арнау» әнінің,  «Самғау» студенттердің біріккен хорының "Абайға жүгін, Адамзат"  атты жаңа әнінің, «Наркескен» ер балалар хорының орындауында «Абай-Гималай» әнінің тұсаукесер бейнебаяны көрсетілді.

Өте жоғары деңгейде өткен пленарлық мәжіліс секциялық жұмыстармен жалғасын тапты. «Кәсіптік білім беру: тәжірибе және перспективалары», «Білім. ғылым және инновация», «Абай тағылымы – адами құндылықтар өлшемі» атты секция бағыттары бойынша Башқұртстан Республикасы, Қырғызстан Республикасы, Ресей Федерациясынң Қорған қаласы, Саха, Алтай елдерінен және отандық  ғалым, зеттеушілерінен барлығы 198 мақала қабылданып, әр секция отырысында баяндамалар оқылып, талқыға салынды.

Конференция барысында ұлы Абайдың рухани мұрасы, білім және ғылымға, ұлттық құндылықтарға қатысты көзқарастары талқыланды. Қазақстандағы жаңартылған білім беру мазмұнына байланысты мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, бастауыш білім беру, негізгі білім беру, техникалық және кәсіптік білім берудің өзекті мәселелері талданды. Қазақстан Республикасындағы қолданбалы бакалавриаттың концептуалды тәсілдері мен ұстанымдарын саралай отырып, жоғарғы білім беру мен техникалық және кәсіптік білім берудің кәсіби бағдарламаларының интеграциясын қамтамасыз ететін қолданбалы бакалавриат бағдарламаларын енгізу жолдары қарастырылды. Еліміздегі білім берудің мәселелері шетелдік білім жүйесімен салыстыра талқыланып, бүгінгі жағдайдағы қашықтықтан оқытудың басты проблемалары зерделенді. Конференцияға қатысушы отандық және шетелдік ғалымдардың конференция тақырыбы аясындағы келелі ой-пікірлері сарапталып, бірқатар маңызды ұсыныстар мен пікірлер қабылданды.

Бұған қоса көптеген елдердегі зерттеушілер мен зиялы қауым өкілдері онлайн режимде тыңдаушы ретінде қатысып, әлеуметтік желі қолданушылары тікелей көрсетілімдер арқылы тамашалады. Онлайн-конференциясының баяндамалары жеке жинақ болып шыққанын атап өткіміз келеді. Барлық баяндамалар мен мақалалар көпшілік оқырмандардың қызығушылығын тудырары сөзсіз және тәжірибеде қолдануға болады.

Колледж директоры Нұртас Ахатұлы конференцияны қорытындылай келе барлық қатысушыларға, баяндамашыларға зор алғысы мен құрметін білдірді.

Айта кету керек, конференция аясында колледжіміздің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздікпен тағдырлас білім ордасы» атты энциклопедиялық-альбомдық кітап пен филология ғылымдарының кандидаты Қажыбай Аян Төлегенұлының «Сөз құдіреті»  атты кітабы жарыққа шықты. 

Әлемді жаулаған індетке қарамастан оқу жылының соңында өткізілген бұл шара  Абай рухына тағзым ретінде, әрі білім беру ісіне  жаңа серпіліс тудыру мақсатында ұйымдастырылды.

Просмотров: 442


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст